Жастар ресурстық орталығының марапатын табыстады Жастар әрқашанда қоғамның қозғаушы күші болып қала береді. Ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы 24668 жас есепке алынып, аудан халқының 31,2%-ын құрап отыр. Оның 9419-ы қалада, 15249-ы ауылда тұрады. Бүгінгі таңда, осы жастарымызбен тікелей «Жастар ресурстық орталығы» жұмыс жасап келеді. Осы ретте, үстіміздегі жылдың 28 ақпан күні орталық жанында жастар саясаты мен қайырымдылыққа қосқан үлестері үшін қала, кенттер мен ауылдық жердегі жастарымызды түгелдей дерлік марапаттау шарасы өткізілді. Марапат төрінен колледжіміздің жастарыда өз орнын алды. Бүгін жастар ресурстық орталығы тарапынан ұсынылған марапатты колледж директоры Н. Әбішов жастарымызға өз қолымен табыстады.
Created: 02 Наурыз 2024
18