Created: 02 Наурыз 2024
39

Арал көпсалалы колледжінде «Ай - Ару» қыздар ұйымының төрайымы Ғ. Жусипованың ұйымдастыруымен «Болашақ ананың бейнесі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді

Арал көпсалалы колледжінде «Ай - Ару» қыздар ұйымының төрайымы Ғ. Жусипованың ұйымдастыруымен «Болашақ ананың бейнесі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Шара барысында Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасына қарасты жастар денсаулық бөлімшесінің мамандары Саимова Мирамкул мен Зоя Кушкарова ерте жүктілікті болдырму және алдын алу бойынша слайдтар көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж медбикесі Г. Құрманиязова жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидалары жөнінде айтты. Шара соңында қойылған сұрақтарға жауап берген қонақтар, жастарға болашақта салауатты да, сауатты тұлға болып өсулеріне тілектестік білдірді.