20.02.2024 жылы жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша «Ғасырлардың ғажайып үш тірегі" атты апталық аясында «Жүзден жүйрік» топтық сайысы болып өтті. Физика пәні мұғалімі Г.Жансүгірова мен математика пәні мұғалімі М.Махамбетрзаева, химия пәні А.Қуанышбаева «Ыстық шай» тәсілі арқылы кеселер тарата отырып, қатысушы студенттерді топқа бөлді. «Атом», «Ток күші», «Конус» топтары «Физика», «Химия», «Математика» бекеттеріне аялдап, тапсырмаларды қызыға орындады. Әр бекеттер аралығында ойналған түрлі сергіту ойындары студенттердің шапшаңдығы мен білімін сынай отырып, көтеріңкі күй сыйлады. Сайыс нәтижесінде «Ток күші» тобы жеңімпаз аталды.
Created: 02 Наурыз 2024
50