Арал көпсалалы колледжінде 21.02.2024 жылы жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша «Ғасырлардың ғажайып үш тірегі" атты апталық аясында «Көңілді қоңыраулар» ұйымдастырылды. Білім алушылардың үзілісті тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ойналып, математика, химия, физика пәндері бойынша білімдері мен дағдылары байқалды. Білімдері мен жылдамдықтарын, ептіліктерін сынайтын ойындарға студенттер белсене араласты. «Кім білімді» туры бойынша интерактивті тақтадан ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берсе, бірі жұптасып шашка ойнады, ал кейбір студенттер «тамшылардағы» сұрақтарға қызыға жауап берді, қалғаны еденге жапсырылған элементтердің атауын тауып, есептерді шешті. Үзіліс кезінде оқушылармен қатар мұғалімдер де қатынасып, іс шараға қызығушылық танытты.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/354-asyrlardy-azhajyp-sh-tiregi-atty-aptaly-ayasynda-k-ildi-o-yraular-jymdastyryldy#sigFreeId262ea6ae61