Created: 02 Наурыз 2024
31

Арал көпсалалы колледжінде 22.02.2024

Арал көпсалалы колледжінде 22.02.2024 жылы жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша «Ғасырлардың ғажайып үш тірегі" атты апталық аясында «Ойлы болсаң озып көр» тақырыбында танымдық кеш болып өтті. «Бұл кім?» туры бойынша физика, химия, математика ғылымдары бойынша ғалымдардың аттарын тауып, еңбектерімен танысты. Студенттер арасында 24-топ студенті Нұрғазиева Маржан, Панабайқызы Гүлбахар белсенділік танытып, көптеген ғалымдарды білетіндігін көрсетті. «Иә», «Жоқ» жылдамдылық пен ой ұшқырлығына тәрбиелейтін ойынына 15 студент қатысып, өздерінің білімдерін сынады. Ойын шарты бойынша сұраққа қате жауап берген оқушылар ойыннан шығарылып отырылды. Ойын кезінде 29-топ студенті Дауылбаев Мирас, 28-топ студенті Сердалиева Гүлжанай жеңімпаз атанды. «Ғалымдар аты өлмейді» туры бойынша оқушылар заңдар мен элементтердің ашылу сырымен бөлісіп, білмегендері ғалымдардың «өз аузымен» айтқан бейнетүсірілімдерін көру арқылы білімдерін толықтырды. Сайыс соңында белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берген студенттерге сыйлықтар табысталды.