Арал көпсалалы колледжінде 23.02.2024 жылы жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша «Ғасырлардың ғажайып үш тірегі" атты апталықтың жабылу салтанаты болып өтті. Кешке кәсіби бағдар мақсатында №83 қазақ орта мектебінен 9 сынып оқушылары шақырылып, колледж студенттерімен бірігіп сайысқа түсті. Сайысқа 12 білім алушы қатысты. Ұяшықтар арқылы білім алушылар «Басшылық», «Бизнес», «Эконом» топтарына бөлінді. «Менің сөздік қорым» турында Әр топқа түтіктер мен түрлі әріптер беріледі. Белгілі уақыт ішінде жаратылыстану бағыты бойынша пәндерден түрлі термин сөздер құрастырып, білімдерін көрсетті. «Мамандықтың бәрі жақсы» турында 3 топ өздеріне ұнаған мамандықты таңдап, Колледж түлектреінің сұрақтарына жауап беріп, «Эконом» тобы алдыға шықты. «Бұл не» турында экраннан көрсетілген прибордың, фигуралардың суреті көрсетіліп, атауы сұралады. «Есте сақтауың қалай?» Түрлі әріптерді атау арқылы, сол әріптен басталатын приборлар мен құрал жабдықтар, фигураларды тауып әкелу ұсынылды. Кеш әкелген адам ойыннан шығарылып, жылдамдығы мен есте сақтау қабілетін көрсеткен 27- топ студенті Қыстаубаева Ақмаржан жеңімпаз атанды. Білім алушыларды сергіту мақсатында әр топқа геометриялық фигуралардың қиындылары таратылып, анықтамаларға сәйкес шарды жоғары лақтыра отыра фигураларды құрастырды. Іс шараны колледж әдіскері А.Бәйімбетова қорытындылай отырып, белесенділік танытқан білім алушыларға ризашылығын білдіріп қатысушы ларды алғыс хатпен марапаттады
Created: 27 Наурыз 2024
31