Created: 27 Наурыз 2024
39

"Оқуға құштар колледж"

"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында
1наурызда " Ұлылар үндестігі " тақырыбындағы апталықтың бесінші күні " Ұлы адамдардың қызық дағдыларды " тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Байтөреева іс - шара өткізді.
Мақсаты :Ұлы -бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді білім алушыларға ұғындыру, ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру,ғибратты әңгімелерден өнеге алуға тәрбиелеу.
Аталар сөзімен -өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған,Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен .Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.Даналарымыздың қалдырған нақыл сөздерді 27,28,29 топ білім алушылары айтып өтті.27 топ білім алушысы Қыстаубай Ақмаржан,28 топ білім алушысы Сердалиева Гүлжанай,Жолдасова Жанерке,Маралова Назерке,Ықыласова Іңкәр ғибрат әңгімелер айтып,білім алушыларға тәрбиелік мәнін түсіндіріп берді.
"Әке қарғысы оқ","Ана" тақырыбында бейне ролик көрсету арқылы білім алушыларға ой саларлық ,тәрбиесі мол , бүгінгі ұрпаққа өнегелі өсиет болатынын ұғындыру болды.