Created: 27 Наурыз 2024
61

Ұлылардан қалған ұлағатты сөздер

📚"Оқуға құштар колледж "жобасын іске асыру мақсатында
28 ақпанда "Ұлылар үндестігі " тақырыбындағы апталықтың үшінші күні "Ұлылардан қалған ұлағатты сөздер" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Саудинованың ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы жазушыларының кітаптарынан (шығармаларынан) әдеби печа - куча болып өтті.
/оқыған шығармаларынан 20 секундтық 20 слайд дайындап таныстырылым жасап қорғау/
📌Мақсаты: Өздері оқыған кітаптарынан слайд арқылы мазмұнын жеткізу арқылы, оқырмандарды сол шығармаларды оқуға шақыру.
Шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Саудинова кітап оқудың қажеттілігі, пайдасы туралы айта отырып, қазақтың Ұлы жазушыларының туындыларымен таныстырып, кітап оқуға шақырды.
27 топ студенті Қыстаубаева Ақжарқан А. Құнанбаев 17 қара сөзін
25 топ студенті О. Өтепбергенов әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының "Балқадиша" әнін анық, қысқа және айқын суреттеп көрсетті.
30 топ студенті О.Зауқымов қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі жазушы Ә. Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясынан адамзат һәм табиғат, қоршаған орта, табиғат-анаға тым қатыгез екендігін айтып үлкен бір әңгіменің шетін шығарды идеялық-эстетикалық нысанасы басқа кетеуі кеткен қоғамдық-саяси өмір өрістелген роман тыңдаушыларды қызықтырып өз бағасын алды.
27 топ студенті А. Қыстаубаева қазақтың Ұлы ойшыл ақыны Абайдың ғылым, ақыл, қайрат, жүректің диалогінен тұратын он жетінші қарасөзіндегі идеяның беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтын дәлеліне шолу жасады.
28 топ студенті І.Ықыласова қазақтың көрнекті жазушысы Б. Майлин "Шұғаның белгісі"повесінің фабуласын көзге белгілі оқиғадай өрнектеп көп еңбектенген, артында мол мұра қалдырған тұлғаның айтары мол ерекше екенін атап өтті.
28 топ студенті Г. Сердалиева. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы М. Дулатовтың "Бақытсыз жамал" романындағы әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағытын көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан композициялық талдау жасалды.