Жастардың бойындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстаным мен қажетті қабілеттерді дамыту, адалдыққа тәрбиелеу және студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Арал көпсалалы колледжінде студенттер арасында «AntiParaCraft» квест ойыны өтті. «AntiParaCraft» квест ойыны студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын және оқу үдерісіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік дағдыларын дамыту бойынша кешенді іс-шараның бөлігі ретінде өткізіледі. Ойынға төрт команда қатысты. Ойын барысында командаларға нұсқаулық карталар таратылды. Командалар картаны пайдалана отырып, станцияларды аралап, сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берді. Әр бекетте командалардың интеллектісі, жылдамдығы, күш - жігері бағаланды. Шара барысында колледж студенттерінің өздері түсірген бейнероликтері көрсетілді.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/370-antiparacraft-kvest-ojyny#sigFreeIdb99f5fb2ed