Created: 28 Наурыз 2024
28

Алғыс айту мерекесіне орай әлеуметтік серіктестерді құттықтады

💐Елімізде жайма-шуақ көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні болып белгіленген. Бұл-Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын айтулы мереке.

✅Осы мезетте, Арал көпсалалы колледжінің белсенді жастары 1-наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай бірқатар әлеуметтік серіктестерді құттықтап шықты.

Атап өтер болсақ, Арал аудандық электр тарату торабы, Арал құрылыс ЖШС, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Арал аудандық отбасын қолдау орталығы мекемелеріне алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Баршаңызды көрікті көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз ☺️