Created: 28 Наурыз 2024
26

4.03.2024 жылы колледжде «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбында тарих және география пәндерінен апталық басталды

4.03.2024 жылы колледжде «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбында тарих және география пәндерінен апталық басталды.

Мақсаты: Тарих және география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы функционалдық сауттылықтарын дамыту және патриоттық тәрбие беру.

Апталықтың бірінші күні тарих пәнінің оқытушысы А. Қожамсүгірова апталықтың мақсаты және жоспарымен таныстырды. Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы бейнеролик арқылы түсіндіріліп, «Қазақ хандығының бірігуі» және «Ақтабан шұбырынды» тақырыбында колледж студенттері көріністер қойды. Көрермендерді сергіту мақсатында тақырыпқа сай жұмбақтар мен мақал - мәтелдерді жалғастыру жасырылып, белсенді қатысып, жауаптарын тапқандарға сыйлықтар таратылды. Соңында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Жаймақова қатысушылармен ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Апталықты колледждің тарих және география пәндерінің оқытушылары А.Қожамсүгірова, Е.Сейтбаев, Ғ.Серікбаевалар ұйымдастырды.