Created: 28 Наурыз 2024
26

«Миллион кімге бұйырады» ойыны ұйымдастырылды

5.03.2024 жылы «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбында тарих және география пәндерінен апталық аясында география пәнінің оқытушысы Ғ.Серікбаева «Миллион кімге бұйырады» ойының ұйымдастырды. Ойынға география, тарих пәндерінен сұрақтар жасырылып, қатысушылар ұпайлар жинап отырды. Қорытындысы бойынша №27 топ студенті Дауылбайұлы Мирас жеңімпаз атанды. Сергіту мақсатында жылдамдыққа ойын ойнатылып, жеңімпаздар марапатталды.