Created: 28 Наурыз 2024
21

«Алдыңда тұр ақылшың, түлектерің танылсын!» тақырыбында колледж құрылғанына 65 жылдық мерейтойына орай колледж ардагерлері және колледж түлектерімен кездесу болды

6.03.2024 жылы «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы тарих және география пәндерінен апталық аясында «Алдыңда тұр ақылшың, түлектерің танылсын!» тақырыбында колледж құрылғанына 65 жылдық мерейтойына орай колледж ардагерлері және колледж түлектерімен кездесу болды. Кездесуге колледж ардагері Ибрашева Рима апай және колледждің түлегі Смайлов Талғат қатысты. Кездесу барысында келген қонақтар туралы еңбек жолы мен түлектің студенттік өмірі мен қазіргі таңдағы кәсібі туралы бейнеролик көрсетіліп, көрермендерге таныстырылды. Келген қонақтар еңбек жолындағы және студенттік кедеріндегі қызықты оқиғалардан әңгімелеп берді. Сыртта қызмет бабында жүріп кездесуге қатыса алмаған түлектерден бейне құттықтаулар жолданды. Кездесу барысында №22 топ студенті Төреханқызы Аружан мен №27 топ студенті Қыстаубаева Ақмаржанның орындауында әндер тыңдалды. Кеш соңында директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Айдилдаев және колледж әдіскері А.Баймбетова келген қонақтарға рахмет айта отырып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.