Created: 28 Наурыз 2024
27

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын

Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Сіздер — адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! «Ер елдің иесі, әйел — үйдің киесі» дегендей әр шаңырақты шаттыққа бөлеп, отбасындағы береке - бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен Сіздер әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоныңыздар. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт - береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.

Ізгі ниетпен: Арал көпсалалы колледж директоры: Әбішов Нұралы Қалиұлы