7.03.2024 жылы «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы апталық аясында тарих пәнінің оқытушысы Ғ.Серікбаева студенттермен бірге Арал аудандық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасады. Колледж студенттері музейде ауданның қалыптасуы, шаруашылығы мен өнер кәсібінің даму тарихы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, әдебиеті мен өнері жайлы құнды жәдігерлермен танысты. Арал теңізінің тағдырына байланысты деректер де бар. Музей қорында 6906 жәдігер сақталған екен.
Created: 28 Наурыз 2024
38