Created: 28 Наурыз 2024
29

Кәсіби бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік жасайды

Кәсіби бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіби бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік жасайды.

Осы мақсатта Арал көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушылары Гаукар Абишева , Мереке Аралбеккызы , Гулнур Утегенова , Ғалия Асқаровалар N57 Елеу Көшербаев Мектебі Елу Жетінші мектебінің 9 сынып оқушыларының арасында кәсіптік бағдар өткізді.Оқушыларға Арал Көпсалалы Колледжі базасында оқытылатын мамандықтар туралы мәлемет берілді. Кәсіпті меңгеру аясында өткізілетін оқу процесі ,спорттық іс-шаралар, қоғамдық жұмыстармен таныстырылды. Шара соңында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.