Created: 28 Наурыз 2024
24

«Жарықтың шағылу заңы. Жазық және сфералық айналар» тақырыбында ашық сабақ өтті

Арал көпсалалы колледжінің физика пәні оқытушысы Г.Жансугирова 15.03.2024 ж жастарды пәнаралық байланыс арқылы оқуға құштарлығын арттыру мақсатында «Жарықтың шағылу заңы. Жазық және сфералық айналар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Көңілді психологиялық ахуал тудырумен басталған ашық сабақта «Plickers», «Wordwall» электронды қосымшалары пайдаланылып, «Миға шабуыл», «Кері байланыс» тапсырмалары берілді. Жарықтың адам өміріндегі маңызы, жарықтың шағылу заңына негізделген өмірдегі құбылыстар, жұмыс жасау принципі жарықтың шағылу заңына негізделген құралдар мен олардың қолданылуы туралы түсіндіре отырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстар кезінде алған білімдерін бекіту тапсырмаларын орындап, топ студенттері белсенділік танытты. QR кодтарға жасырынған көркем әдеби кітаптарды таңдау арқылы ондағы жарықтың шағылу заңы туралы үзінділерді талдады, өз ойларымен бөлісті. «Термометр» бағалау шкалалары таратылып, студенттер өз білімдерін бағалап отырды. Жарықтың шағылу заңының өмірдегі маңызы туралы білімдерін әдеби кітаптар арқылы да дамытуға, шыңдауға болатындықтарын насихаттауда осы сабақтың да қосқан үлесі бар екені айқын.

#оқуғақұштармектеп #ғылымипедагогикалықкітапхана