Created: 28 Наурыз 2024
72

«Әлемнің ең ірі мұражайлары адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы» атты ашық сабақ болып өтті

Арал көпсалалы колледжінде дүние жүзі тарихы пәні сабағынан «Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы» атты ашық сабақ болып өтті. Сабақтың мақсаты, әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау мен әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және оларды сақтап қалудағы мұражайлардың ролін түсіндіру болды. Сабақта үй тапсырмасы «Алып қадамдар» әдісі арқылы пысықталынып, жаңа сабақ, «Галереяға саяхат» әдісі арқылы түсіндірілді. Сабақ барысында, білім алушылар, Wordwall.net платформасындағы ойындар арқылы сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс, білім алушылардан «Білім почтасы » әдісі арқылы алынды. Ашық сабақты тарих пәні оқытушысы Айгүл Қожамсүгірова жүргізді.Білім алушылар, сабақта, әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, олардың ерекшеліктерін анықтау мен әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және оларды сақтап қалудағы мұражайлардың ролін жете түсінді.