Created: 28 Наурыз 2024
22

Студенттер жатақханасында "Куратор не оқиды" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді

📚​«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2024 жылғы 13 наурызда Арал көпсалалы колледжінің Студенттер жатақханасында "Куратор не оқиды" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

♻️Мақсаты: кітапқа деген қызығушылықты жандандыру, студенттердің назарын кітаптарды оқуға аудару. Шараға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Айділдаев, педагог – психолог Ф. Усенова, куратор Р. Ешмұратова кітапханашы Б. Махамбетова және жатақхана қызметкерлері Г. Көпжанова мен Д. Айшауовалар қатысты. Топ кураторы Р. Ешмұратова өзі оқыған кітап туралы ақпарат беріп, авторы мен тақырыбы, өзіне бұл кітап неге ұнағаны, оны неге оқуға ұсынатыны туралы айтты. Шараға қатысушылар өздері оқыған кітаптардан қызықты сәттер мен дәйексөздер келтіріп, қандай кітаптармен өскенін айтты. Соңында олар кітаптарды дұрыс оқып, пайда табуға, ақпарат жинауға және талдауға кеңес берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Әңгіме ашық форматта өтті.

#оқуғақұштармектеп #ғылымипедагогикалықкітапхана