Created: 28 Наурыз 2024
24

14 наурыз күні Арал көпсалалы колледжінде «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілді

⚜️Ұлыстың Ұлы кұні – Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізудің іс – шаралар жоспарына сәйкес 14 наурыз күні Арал көпсалалы колледжінде «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілді. Колледж ұжымы бір – бірімен күлімдесіп, көрісіп, төс қағыстырып «Амал», «Көрісу» рәсімдерін жасады. Колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы барша ұжымды және білім алушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

⚜️Шара барысында бауырсақ PARTY шарасы ұйымдастырылып, Жарапазан айтылып, аудандық Отбасын қолдау орталығы ұжымының құттықтауымен жалғасты. Шараны ұйымдастыруда №28, №32, №33 оқу топтары белсенділік танытты.