♻️Арал колледжінде студенттерге Радикализм, Эксремизм, Терроризм сияқты жат ағымдардың мемлекетке төндіретін қауіптері мен еліміздің азаматтарын дәстүрлі діни ғұрыптардан адастырып, діни экстремизмге баулып, түрлі әрекеттер жасауының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
♻️Шараның негізгі мақсаты:
1) Білім алушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
2) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
3) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру - болды.



