🔰Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!💐
🔰Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін, адамдардың қыс қыспағынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын, әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт - береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын, жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір - біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын, жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін жыл басы – Наурыз, Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс - тіршілігін табиғат – анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, ырыс - несібе, бақыт, молшылық, татулық пен жаңа жетістіктер әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен Арал көпсалалы колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы