«Тазалық – табалдырықтан басталады», – демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы ретте тазалықты жанына серік еткен Арал көпсалалы колледж ұжымының мүшелері Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бастау алған мерекелік Наурызнама онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай өткізілген Жалпыхалықтық сенбілікке қатысып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, қоқыс қалдықтарын шығарып, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.

