Мақсаты: Студенттерді спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Бірінші күні ашылу салтанаты әнұранмен басталып, алау жағылды .Апталыққа барша қауымды қатыстыру мақсатында колледж педагогтері де ат салысты. Допты кіші қақпага салып, мергендік танытып нысананы көздеді.Жарылған шарлар ішінен шыққан сұрақтарға жауап берді.Студенттер флешмоб билеп, ән орындады.
Әртүрлі ер балалар, қыз балалар арасында ойнатылатын ұлттық ойындар: қазақша күрес, ләңгі тебу, асық ойнау, арқан тарту, бес асық қызығушылықты арттыра түсті.
Апталықты директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары О.Макашев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Апталықты бірлестік мүшелері Х.Берсүгіров, А.Нұрмағамбетов, Ғ.Жусупова, А.Избасқанов ұйымдастырды.