Created: 12 Маусым 2024
34

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ЖОБАСЫ

Арал аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құралған "Жас Толқын" еріктілер тобының мүшелері, Арал Көпсалалы

Колледжі нің ерікті студенттері қаламыздың тұрғыны, қарт анамыздың үйіне барып, тазалық жұмыстарын, қажетті қол көмектерін көрсетті. Ардагер анамыз жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашан сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті. Жастардың көмегі қарт кісілердің көңілін көтеріп, күш беріп қана қоймай, ертеңіне деген сенімділігін арттыра түседі.

Жастардың бастамасы болған игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

#aralzhastary

#ардагерлергетағзым