2024 жылдың мамыр айының 30 күні «Өз көзіңмен көр» Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен есірткі, лудомания, вейп темекі мен интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес «Өз көзіңмен көр» шарасы аясында Арал көпсалалы колледжінің студенттері, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ ҚМК-ның «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының» Арал аудандық бөлімшесінде болып, студенттерге сала маманы, аға мейіргер Шынбергенова Ақбота Ертасқызы нашақорлықтың, алкогольдік ішімдіктердің және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы дәріс оқыды. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Айдилдаев, колледж педагог-психологі Ф.Үсенова және колледж медбикесі Г.Құрманиязова студенттерді нашақорлық, алкогольдік ішімдіктердің және вейп темекі сияқты зиянды әрекеттер мен жат қылықтардан аулақ болып, зиянды заттарды пайдаланбауға шақырды.
Created: 12 Маусым 2024
30