Created: 12 Маусым 2024
29

Арал көпсалалы колледжінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, топтық төбелестердің, буллинг, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында студенттерге құқықтық сағат өткізілді

Арал көпсалалы колледжінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, топтық төбелестердің, буллинг, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында студенттерге құқықтық сағат өткізілді. Кездесуге келген Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция ЮПТ-ның инспекторы, полиция капитаны А.Қалмағанбетов студенттерге денсаулыққа кері әсер ететін зиянды әдеттерден аулақ болуға, интернет қауіпсіздігі мен буллинг және лудоманияның алдын алу бағытында ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар топтық төбелестердің зардабы мен салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Шара соңында студенттер өз тараптарынан қойылған сұрақтар мен сауалдарына тиісінше жауаптар алды.