Created: 13 Маусым 2024
38

“ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР”

2024 жылдың 7-9 мамыр аралығында мереке қарсаңында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Рейдтік шараға шыққан Арал көпсалалы колледж ұжым қызметкерлері аудан орталығында кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында кешкі және түнгі уақытта жүрмеуіне бағытталған профилактикалық іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілді.

#Қызылорда_Білім

#Біртұтас_тәрбие