Created: 13 Маусым 2024
27

АНА- БҮКІЛ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ

Отбасы құндылығын нығайту мен ана мәртебесін көтеру, отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу мақсатында 12-мамыр Аналар күні мерекесіне орай Арал көпсалалы колледжінің 29- оқу тобы ана аналарымен «Ана –бүкіл көркемдіктің үлгісі» тақырыбында топ жетекшісі Г.Жансүгірова тренинг өткізді.

Ата- аналар өздерін жаттығу арқылы таныстырып, өздерін есімдерінің бас әріптерінен келетін сөздермен әсемдеді. Топ жетекшісі жүрекжарды тілектерін арнай отырып, ата-аналарға жүрекшеге жазылған сұрақтар ұсынып, балалары туралы тұшымды жауаптар алды. Мұнан соң ата -аналар «Күн шуағы» парағына өз балалары туралы ойларын, қасиеттерін жазып, ал студенттер аналарына түрлі теңеу айтып бөлісті. Үш топқа «Ана туралы жыр» әнінің мәтіні беріліп, қатысушылар әнді түрлі әуенмен айтып, сергіту жаттығуы жасалды.

Топ жетекшісі балаға ананың, отбасы мен ортаның, колледждің тигізетін әсері, отбасындағы жағдайлар мен ананың тәрбиесінің алатын орны туралы айтып, оны аналар өз ойларымен толықтырды. Тренингті тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Б.Айдилдаев қорытындылады.