Created: 13 Маусым 2024
25

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қызылорда қаласында 2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан дәстүрлі облыстық турнир» өткізілді. Турнирге облысымыздан 12 - команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша Арал көпсалалы колледжі жүлделі ІІ- орын иеленіп, ауданымыздың мерейін үстем етті.

Колледж команда мүшесі Мұқанов Назарбай «үздік шабуылшы» номинациясын иеленді. Осы жетістігіміз биылғы колледжіміздің 65 - жылдығына тарту болды.