Құттықтаймыз!
29.03.2024 жылы Қызылорда қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы және «Болашақ» университетінің жоғары колледжі ұйымдастыруымен «Жазушы –драматург, педагог Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл және әскери қайраткер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл» айдарымен «Заманауи білім беру аясындағы кешенді оқыту; тарихтағы жаңа зерттеулер, өзекті мәселелер» атты облыстық ғылыми-тәжиребелік конференциясында І курс №28 топ студенті Сердалиева Гүлжанай Ертасқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Қожамсүгірова Айгүл Сайлауовна