ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ағайын! «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын! Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала баршамызды келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин! Ізгі ниетпен Арал көпсалалы колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы
Created: 19 Маусым 2024
59