
Кәсіби-бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 18.04.2024 жыл күні тәрбиеші Балманова Ғазиза 9 «а» сынып оқушыларымен Арал қаласындағы Арал көпсалалы колледжіне саяхат сабағын ұйымдастырды.

Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары О.Макашев түсіндірме жұмысын жасап, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Оқу орнында еңбек нарығына аса қажетті, халыққа қызмет ететін бірқатар мамандықтар бар. Мамандықтарды оқытуға арналған жаңа оқу-техникалық құралдармен жабдықталған оқу кабинетімен қамтамасыз етілген.
Білімнің негізігі құралы болып табылатын кітап қорыда бұл оқу орнында жеткілікті.