Created: 19 Маусым 2024
56

«Студент. Түлек. Маман» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Арал көпсалалы колледжінің педагог-психологы Ф.Усенова, колледж жастар комитетінің төрайымы М.Аралбекқызының ұйымдастыруымен бітіруші студенттермен «Студент. Түлек. Маман» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу шарасына Аудандық оқушылар үйі, үйірме жетекшісі Т.Дармағамбетов, «Жақсықылыш кенті әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы А.Серікбай, Аудандық жастар ресурстық орталығының статист маманы А.Маратов қатысты. Мақсаты жас мамандар мен бітіруші студенттерді кездесуге шақыра отырып, студенттерге мамандық таңдау оны адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.