📆17.04.2024 жылы «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері Д.Мамбетова №21 оқу тобында «Жеміс ағаштарын егу жұмыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын «Алып қадам» әдісі бойынша сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасады. 📘Жаңа тақырып слайд арқылы түсіндіріліп, тапсырмалар орындады. Топ шағын екі топқа бөлініп, топтық жұмыстар орындалды.Ағымдағы нұсқау кезеңінде алма және өрік ағашының отырғызу әдісі және ерекшелігмен таныстырып, колледж ауласында отырғызылды. Студенттерге сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру арқылы суреттер құрастырылды және рефлексия жасалды. Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма берілді. 📒Сабақта белсенді қатысып, жұмыс жасаған студенттер мадақталып, бағаланды.
Created: 19 Маусым 2024
70