Created: 19 Маусым 2024
58

«Қазіргі бойжеткендерге шылым шегу тән қасиет пе?

📆Арал көпсалалы колледжінде «Ай—Ару» қыздар клубының жетекшісі Жусупова Ғалияның ұйымдастыруымен «Қазіргі бойжеткендерге шылым шегу тән қасиет пе? Темекінің зияны қандай» тақырыбында пікірталас өткізілді. 📌Шараның мақсаты жастардың зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру. Колледж медбикесі Құрманиязова Гүлнар білім алушыларға темекі шегудің зияны мен денсаулыққа тигізетін зардабы жайлы мәліметтер берді. Еркін форматта өткізілгендіктен студенттер өз пікірлерін шынайы айтып, ойларын ортаға салды.