Created: 02 Шiлде 2024
55

ЖАС МАМАН - 2024

Арал көпсалалы колледжінде 2024 жылдың 28 маусым күні оқу орнын бітіруші түлектерге Диплом табыстау рәсімі өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындалуымен басталған шарада алғы сөз алған колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, биылғы 2023 – 2024 оқу жылында 7 оқу тобы 7 мамандық бойынша 135 студент бітірсе, оның ішінде үздік оқыған 5 cтудентімізге «Үздік диплом» табыстап, студенттерге білім және тәрбие беруде ұстаздарымен бірлесіп бала тәрбиесінде белсенділік танытқан ата – аналарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Биылғы білім ордамыздың 65 жылдығына орай өткізілген Салтанатты шараға колледжіміздің ауданымыздағы әлеуметтік серіктес мекемелерімізден «АралТұз» АҚ зауытының директорының орынбасары Сисекешов Ғани, Арал аудандық электр тарату торабының басшысы Карамурзаев Амантай, «Арал құрылыс» ЖШС директорының орынбасары Келжанов Асқар, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің (АХАТ) басшысы Абибуллаева Жанар, Арал аудандық әкімдігі аудандық жұмыспен қамту мекемесінің басшысы Алдашев Жадырасын және аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш пен аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Есеев Ақтілек қатысып, студенттерге бітірген мамандықтарына сәйкес дипломдарын және оқу барысында үлгілі тәртібімен, жақсы оқып, мамандығына деген құштарлығымен көрініп, қоғамдық жұмыстарға араласқан түлектерге Мадақтамалар табыстады.

Шара барысында колледж ата – аналар кеңесінің төрайымы Агисова Гулханыс, бітіруші түлектердің ұстаздары атынан Отаралиев Темір және бітіруші түлектерден Ізбасаров Ерболсын тілектерін айтып, оқу орнының ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Әсерлі де, мағыналы өткізілген шара ардагер ұстаздар атынан сөз алған Өтегенов Қожақмет ағайдың шынайы лебізін білдіріп, жас түлектерге Ақ батасын беріп, сәттілік тілеуімен қорытыланды.