Created: 17 Қыркүйек 2024
43

«Менің құқықтарым» тақырыбында кездесу өтті

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы мақсатта Арал көпсалалы колледжінде “Менің құқықтарым” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Арал аудандық ПБ - нің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Шәкімбаев Амангелді Бисенбекұлы қатысты. Шара барысында полиция инспекторы А. Шәкімбаев жасөспірімдер арасындағы қылмыс, зорлық - зомбылық түрлерін айта келе оларға қолданылатын жаза түрлерімен де таныстырды. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиімді жауаптар алынды.