Created: 17 Қыркүйек 2024
48

2024-2025 оқу жылының алғашқы күні салтанатты басталды

2024 жылдың 2 қыркүйек күні Арал көпсалалы колледжінде 2024 - 2025 оқу жылының алғашқы сабақ күні таңертеңгілік салтанатты жиынмен басталды. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, колледж директорының оқу жылының басталу туралы бұйрығы оқылып, оқу топтарының кураторлары мен өндірістік оқыту шеберлері таныстырылды.
Оқу топтарында бірінші сабақта І курс студенттеріне «Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында кураторлық сабақтар, ал ІІ – ІІІ курс білім алушыларына «Адал адам. Адал еңбек. Адал Адал табыс!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтар арасындағы үзілістерде қоңыраудың орнына қазақтың күйлері орындалды. Оқу жылы барысында бұл үрдіс жалғасын табады.