Created: 17 Қыркүйек 2024
32

Президент Жолдауы колледжде тыңдалды

Президент Жолдауы тыңдалды
2024 жылғы 02 қыркүйекте Арал көпсалалы колледжінде Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын колледж ұстаздары, ата - аналар кеңесінің мүшелері мен жоғары курс студенттері тікелей эфирде көрді.
Президент болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керектігін және бұл бағытта нақты жұмыстар басталатынын мәлімдеді. Сондай - ақ келесі жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
«2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру қажет. Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге ықпал ететін болады. Адал, қажырлы еңбекпен табысқа жеткен адамдар әрқашан қадір мен құрметке ие болуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.