Created: 17 Қыркүйек 2024
51

«Білім күні: Салтанатты жиын өтті»

«Білім күні. Бейбітшілік күні!»
Арал көпсалалы колледжінде 1 қыркүйек күні «Білім күні. Бейбітшілік күні!» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен басталған шараға оқу орнына 2024 - 2025 оқу жылында оқуға І курсқа қабылданған студенттер қатысты. Алғы сөз алған колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Мақашев Оңғарбек ұстаздар мен студенттерді және ата - аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында жақсы жетістіктер мен табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар ардагер ұстаз Көптілеуова Нағима апай мен колледждің ұлағатты ұстаздары Әленов Толағай, Орынбаев Жұмабек ағайлар мен Матниязова Гүлнар апай өздерінің ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп, студенттерге сәттілік тілеп, ата - аналарды бала тәрбиесінде бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Ата - аналар атынан сөз алған Молдиева Мереке ұстаздарды Білім күнімен құттықтап, студенттерге ақ жол тіледі.