Created: 17 Қыркүйек 2024
36

Білім күнімен құттықтау хаты

Құрметті ұстаздар! Қымбатты студенттер мен ата - аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күнінің әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.
Осынау тамаша күнде білім алушыларымызға жаңа оқу жылында жақсы білім алып, ерінбей шаршамай тек жақсы бағалар алуларыңа тілектеспін.
Құрметті ұстаздар қауымына бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні, мықты денсаулық, жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстарға жетулеріне, жаңа бастамалары тек қана сәтті болып, әрқашанда шәкірттеріңіздің сый құрметі мен махаббатына бөленіп, шәкірттеріңіздің жетістіктерінің куәгері болып жүрулеріңізге тілектестігімді білдіремін!
Ізгі ниетпен: Арал көпсалалы колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы