Created: 17 Қазан 2024
32

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің базасында ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасында «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» саласы бойынша облыстық іріктеу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері мамандығының мәртебесін арттыру, кәсіби дағдылар мен білімдерін, практикалық дайындықтарын көрсету.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
1. «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету»
2. «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету»
3. «Слесарь ісі» құзіреті (қаңылтыр металды өңдеу).
Байқауға қатысқан Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері
Нұрхан Сарбупеев жүлделі 🥈 екінші орын иеленіп, «Слесарь ісі» құзіреті бойынша Республикалық кезеңге жолдама алды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдаңы сайыста жүлделі орын алуына тілектестігімізді білдіреміз.