Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында: «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады», - деп атап өтті.
⚜️Сол құрметті қауымның төл мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік» атты салтанатты шара өтті Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев салтанатты шараға қатысып, ұстаздарды мерекесімен құттықтады.
⚜️Ұстаз – ұлағатты есім. Кез келген қоғамда және барлық кезеңде ұстаздың ұлы даңқына баға жетпейді. Ұлт болашағы – білімде, сапада, тәрбиеде екенін ескерсек, ұстаз шәкірт бойына осынау құндылықтарды сіңіре білетін тәрбиеші. Білім саласы еш уақытта мемлекет назарынан сырт қалған емес. Біз жылдың қай мезгілінде болсын білім саласына лайықты қолдау білдіріп келеміз. Себебі баланың бүгініне салынған инвестиция ертең еселеп қайтарын өмір тәжірибесі айқындаған. Тәуелсіз ел болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие берудегі жасампаз еңбектеріңіз әрқашан нәтижелі болып, абыройларыңыз асқақ болсын! – деді Аманжол Сақыпұлы.
⚜️Бұл кеште Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Райкен Ешмұратова облыс әкімінің Алғысымен және өндірістік оқыту шебері Мамбетова Дәметкен аудан әкімінің Алғысымен марапатталды. Әріптестерімізді алған марапаттарымен құттықтаймыз , қызметтеріңізге абырой, еңбектеріңізге табыс, ізденіс пен сәттілік тілейміз.💐
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/450-2024-10-17-06-52-44#sigFreeIddb8740b566