Created: 17 Қазан 2024
29

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті ұстаздар қауымы!
Ардақты ардагер ұстаздар!
Сіздерді өзімнің және Арал көпсалалы ұжымы атынан кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз — ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға. «Алты Алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын - мұғалімдікі», - деп Алаш ардақтысы Мағжан ақын айтқандай, ұстаз - ұлағатты тұлға. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға аманшылық, бақыт, бақ - береке, бірлік, шығармашылық табыс тілеймін.
Құрметпен
Арал көпсалалы колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы