Created: 17 Қазан 2024
25

Арал көпсалалы колледжінде студенттерге құқықтық тәрбие беру шарасы өтті

Арал көпсалалы колледжінде 2024 жылдың 3 қазан күні студенттерге құқықтық тәрбие беру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сен және Заң» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді. Шара барысында Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция ЮПТ – ның инспекторлары, полиция аға лейтенанты Ерекеев Болат Әбутәліпұлы мен полиция аға лейтенанты Нұрпейісов Алтынтас Бақбергенұлы және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбай Айділдаев студенттерге жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, нашақорлықтың алдын алу, топтық төбелес, лудомания, буллинг, кибербуллинг, қылмыстың алдын алу бағытында ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.