Created: 17 Қазан 2024
24

Техникалық және кәсіптік білім күнімен құттықтау

📚Құрметті әріптестер, техникалық және кәсіптік білім берудегі ардагер ұстаздарды, педагогтерді және өндірістік оқыту шеберлерін кәсіптік – техникалық білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қажымай қызмет атқарып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мен қайта құру жолында аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы - өз ісін мұқият орындайтын, жауапты адамдардың арқасында дамуда. Қажырлы еңбектеріңіздің арқасында Сіздердің түлектеріңіз еліміздің дамуына белсенді үлес қосып, түрлі салада қызмет атқарып келеді. Қоғам қайраткерлері, жазушылар, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, әлемнің және еліміздің спортшы - чемпиондары, өнер қайраткерлері және көптеген басқа да мамандықтардың өкілдері Сіздердің таусылмас еңбектеріңіздің жемісі – деп мақтанышпен айтамыз. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы барлық әріптестерімізді, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, үздіксіз білім беру жағдайында болашақ техникалық және кәсіптік кәсіби құзыретті маман дайындаудағы еңбектеріңізге педагогикалық шеберлік, толағай табыс, кәсіби жетістіктер тілеймін! Құрметпен Арал көпсалалы колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы