Created: 17 Қазан 2024
24

Зияткерлік және рухани құндылықтар: студенттердің сала мамандарымен кездесуі

Арал көпсалалы колледжінде «Зияткерлік және рухани құндылықтар» тақырыбында студенттердің сала мамандарымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қызылорда облыстық Дін басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» аға маманы, дінтанушы Нарымбетов Олжас Жақыпбекұлы мен Қызылорда облысының әкімшілік бөлімінің маманы Бектас Дамир Мұратұлы студенттерге өз халқының тарихын құрметтеу, салт - дәстүрлерін білу, тіл білімін жетілдіру, адамгершілік қасиетін арттыру қазіргі қоғам талабы екенін айтып, жат ағым өкілдерінен сақ болуға, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Шара соңында келген қонақтар студенттердің сұрақтары мен сауалдарына жауап беріп, пікір алысты.