Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері! Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға - апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз.
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі - өнеге. Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім – тәрбие алған іні - қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда. Құрметті Абзал ағалар, Қадірлі Асыл аналар! Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен ұрпақтарыңызды мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ - береке, ырыс - несібе тілеймін! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!
Құрметпен, Арал көпсалалы колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы