Created: 17 Қазан 2024
22

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды нағыз шеберлікті, адал еңбек және кәсібі мен іске берілгендікті дәріптейтін Еңбек күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Халқымызда «Еңбек еткен — мұратқа жеткен» деген тамаша бір сөз бар. Бұл мерейлі мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Білім беру саласының ерекшелігі - әртүрлі мамандық иелерінің басын біріктіруінде. Білім беру ұйымдарында мұғалімдермен қатар медицина қызметкерлері, бухгалтерлер және кітапханашылар, хатшылар мен зертханашылар, шаруашылық меңгерушілері және жүргізушілер, вахташылар мен қоймашылар және басқа да жұмысшылар иық тіресе жұмыс істейді. Бүгінгі күні мен, күнделікті тынымсыз және өте қажырлы еңбегінің арқасында білім беру ұйымдарының таза да жайлы болуына, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасаған сала қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Адал және ерен еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз үшін үлкен рахмет.

Сіздерге жəне отбасыларыңызға зор денсаулық, толағай табыс пен еңбек жолдарыңызда сәттілік тілеймін!

Құрметпен
Арал көпсалалы колледж директоры
Әбішов Нұралы Қалиұлы